Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Оралда бұзылған жер үйлердің орнында 11 адамның бас сүйегі табылды

Оралда екі ескі жер үйді бұзу кезінде экскаватор жиырмаға жуық адамның бас сүйегі мен сүйектерін шығарып алды,  деп хабарлайды "Уральская Неделя" басылымына сілтеме беріп paryz.kz ақпарат агенттігі.

Оралда бұзылған жер үйлердің орнында 11 адамның бас сүйегі табылды
Фото: stan.kz

Оқиға куәгерлерінің бірі жантүршігерлік “олжаны” видеоға түсіріп алған. 53 жастағы ер адам полицияға құрылыс алаңына антиквариат, яғни тиын іздеуге келгенін айтқан. Бірақ ол адам қалдықтарын тауып, ұялы телефонына видео түсіріп үлгеріпті.

Тағы бір куәгер жүк көліктерін босататн жерге қолданылған құрылыс материалдарын жинау мақсатында келгенде жиналған адам қалдықтарын тапқанын хабарлаған. Полиция ер адамнан 11 бас сүйек пен 323 сүйек тәркіледі.

Табылған адам сүйектері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысы бойынша қылмыстық іс аясында заңды процессуалдық шешім қабылданады. Егер мәйіттердің жасы 60-тан асқан болса, іс тоқтатылады", – деді полиция.

Есімін жасырған "Старый Уральск" мұражайының қызметкері адам сүйегінің пайда болуы туралы екі нұсқаны ұсынды.

"Бұл аймақта өте ескі, 19-ғасырдың ортасында зират болған. Екінші нұсқа бойынша, бұл өткен ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы аштыққа ұшыраған каннибализмнің іздері", – деп болжады маман.