Алматыда ірі жол апаты болды

Алматыда жаппай жол апатынан екі адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Алматыда ірі жол апаты болды
фото: әлеуметтік желіден

Оқиға 16 қазанға қараған түні Саин көшесінде болған. Әлеуметтік желіде ірі апаттың видеосы жарияланды. Кадрда Toyota Camry минивэннің артына кіріп, аударылып қала жаздағаны көрсетілген. 

Қалалық ПД мәліметінше, апат сағат 22:20 шамасында болған. Жол апатына кінәлі Саин бойымен солтүстік бағытта келе жатқан Toyota Camry жүргізушісі.

Апат салдарынан FAW jiefang жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Істі Әуезов ауданының полиция қызметкерлері тергеп жатыр.