Назарбаев ашқан мешіт ескерткіштер қатарына қосылмақ

Осдан екі ай бұрын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ашқан бас мешіт Астана ескерткіштерінің қатарына кіргізілмек, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ сайтына сілтеме жасап. 

Назарбаев ашқан мешіт ескерткіштер қатарына қосылмақ
Фото: ашық дереккөз

«Астана ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі туралы қаулыға реттік нөмірі 43, 44, 45 болатын келесі мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: Тәуелсіздік сарайы, 2008 жыл; Бейбітшілік және келісім сарайы, 2006 жыл; Қазақстан Республикасының бас мешіті, 2022 жыл», - делінген Астана әкімдігі қаулысының жобасында.

Естеріңізге сала кетейік, Орталық Азиядағы үлкен мешіттердің бірі болып саналатын мешітті 12 тамыз күні Назарбаев ашқан еді.