Желіде полицейдің құқық бұзушының соңынан қуып бара жатқан видеосы тарады. Lada.kz мәліметінше, қашып бара жатқан ер адам да полиция қызметкері. ІІМ бұл ақпаратты растайды.
"6 қазан күні сағат 12.00-де Жаңаөзен қаласының патрульдік полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірлермен жүрген Toyota Crown автокөлігін тоқтатты. Осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Материал сотқа жіберілді", - деді ведомствода.
Сонымен қатар қазір қызметтік тексеру жүргізілуде. Аталған қызметкердің іс-әрекетін тәртіптік комиссия қарастыратын болады.