Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Тоқаев орынсыз жерден киіліккен Лукашенконы орнына қойды

Бүгін ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің басқсоуында Тоқаев пен Лукашенко ТМД-ның жаңа басшысы туралы сөз таластырып қалды, – деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тоқаев орынсыз жерден киіліккен Лукашенконы орнына қойды
Фото: ашық дереккөз

Басқосудың соңында Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Кемелұлы, неге жаңа Бас хатшы туралы жарияламадыңыз? – деп сұрақ қояды. Дәл  осы сәтте кәнігі дипломат саясаткер Тоқаев әріптесіне заматта қалжың аралас жауап берді.

Александр Григорьевич, төрағаны сынау сүйікті кәсібіңізге айналып кеткен бе? Иә, бүгін ТМД-ның Атқарушы хатшысы деген лауазымды ТМД-ның Бас хатшысысы деп ауыстырдық. Сергей Лебедев осы атаққа лайық азамат. Енді ол былай айтқанда өмір бақи Бас хатшы, – деп күлді Тоқаев.

Осылайша Тоқаев ТМД-ның Төрағасы деген атақты өзі ұнататын Бас хатшымен алмастырды. Тоқаев Ресейдің дәргейінен аса алмайтын ТМД осылайша өзінің әлсіз ұйым екенін астыртын көрсетіп берді.