Батыс Қазақстан облысында әке мен бала арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды. Облыстық Полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлім етті, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 11 қазан күні сағат 22.00-де Ақжайық ауданында болған. Басылымның мәліметінше, 65 жастағы ер адам мен оның 42 жастағы ұлының арасында кенеттен жанжал туындап, әкесі ұлының басы мен мойын тұсынан пышақ сұғып алған.
Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Батыс Қазақстан облыстық ПД мәйіттің сот-медициналық сараптамаға жіберілгенін хабарлады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.