Боксшылардың жасын ескере отырып, айқас өнер көрсету стилінде өтті. Сондай-ақ әр раунд 2 минутқа есептелген.
Қазақстан уақытымен 29 қарашада, яғни бүгін таңертең суперауыр салмақта бұрынғы абсолютті чемпион Майк Тайсон мен төрт салмақта экс-чемпион Рой Джонстың жекпе-жегі өтті, деп хабарлады paryz.kz.
15 жылдан кейін кәсіпқой рингке қайта оралған бокс аңызы Майк Тайсон мен төрт салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионы Рой Джонс арасында өткен жекпе-жек 10 раундқа есептелгенімен, ол 8-раундта аяқталды. Майк Тайсон айқын басымдық таныта білді. Айқас соңына дейін ауыр соққылар бағыттап, өте жақсы физикалық жағдайын көрсетті. Ал қарсыласы Рой Джонс ауыр соққылардан сәтті жалтарып, қорғанысқа көңіл бөлді. Қорытындысында екі боксшы арасындағы айқас төрешілер шешімімен (76-76/79-73/80-76) тең нәтижемен аяқталды.
Айта кетейік, 54 жастағы Майк Тайсон бұған дейін рингке қайта оралатынын жариялап, қарсылас ретінде 51 жастағы Рой Джонсты таңдаған болатын. Боксшылардың жасын ескере отырып, айқас өнер көрсету стилінде өтті. Сондай-ақ, әр раунд 2 минутқа есептелген. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Майк Тайсон өзін өте жақсы сезінетінін және қайта айқасуға дайын екенін жеткізді.
Еске сала кетейік, жекпе-жек Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында өтті.