"2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновты ҚР Қылмыстық кодексінің 185-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды", - делінген хабарламада.
Қылмыстық іске қатысы бар Л.Скаковский Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі Мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша және О. Ждан Қылмыстық кодексінің 176-бабы Тыңшылық бойынша кінәсі толық дәлелденді. Олар сәйкесінше 11 жыл 3 айға және 11 жылға бас бостандықтарынан айырылғаны белгілі болды.