Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

СІМ Ресей елшісін шақыруға қатысты пікір білдірді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісі Алексей Бородавкинмен болған әңгіменің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды paryz ақпараттық агенттігі Tengrinews сайтына сілтеме жасап. 

СІМ Ресей елшісін шақыруға қатысты пікір білдірді
Фото: tengrinews.kz

"Ресей елшісі Сыртқы істер министрлігіне байыпты әңгімеге шақырылды. Біз Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың тең құқылы стратегиялық серіктестік рухына сәйкес келмейтін мәлімдемесін талқыладық. Әңгімелесу күрделі болды", - деді СІМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Украинаның Астанадағы елшісі Петр Врублевскийге қатысты жағдайға байланысты Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырылған болатын. 

Еске салайық, осыған дейін Ресейдің Қазақстандағы елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың даулы мәлімдемелерінен кейін ҚР Сыртқы істер министрлігіне шақырылған болатын. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеген.

"Бүгін Ресей елшісі Қазақстан СІМ-не әңгімелесу үшін шақырылады. Талқыланатын басты тақырып - Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарованың мәлімдемесі. Сондай-ақ, күн тәртібінде Ресейдің Украина жағына қойылатын талаптары тұр. Бұл жалпы дипломатиялық тәжірибе. Мария Захарованың украин елшісін Қазақстаннан шығаруға қатысты мәлімдемесі, біздің ойымызша, Қазақстан мен Ресейдің тең құқылы стратегиялық әріптестер ретіндегі одақтастық қарым-қатынасына диссонанс тудырады", - деді Смадияров мәжіліс аясында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.