Оралда сабақ үстінде оқушы қайтыс болды

Орал қаласында сабаққа келген 10-сынып оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Оралда сабақ үстінде оқушы қайтыс болды
Фото: tengrinews.kz

Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 4 қазан күні таңертең Зачаган кентіндегі №10 жалпы орта білім беретін мектебінде болды.

«2007 жылғы ұл бала сағат 07.45-те мектепке келген. Сынып оқушыларымен бірге сабаққа дейін дәлізге шығып, сөйлескен. Сосын 08.00-де сынып бөлмесіне кірген. Балалардың барлығы орындарына отырып, сабаққа дайындалып жатқан кезде ол отыран жерінде құлаған. Сол мезетте жедел жәрдем шақырылғанымен, жасөспірімді құтқарып қалу мүмкін болмады», – деп хабарлады ведомство.