Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Премьер-министр кеңсесі қызметкерінің қылмыстық іске қатысы бары анықталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің нұсқасы бойынша, күдіктілер Ақтау мен Тараздағы кәсіпкерлерден босатылған газ көлемін заңсыз көбейткені және өндірушінің жеткізушісін алмастырғаны үшін жүйелі түрде пара алып отырған.

blob:https://www.facebook.com/476dedeb-38aa-49c6-b142-7da01817fb8e
Премьер-министр кеңсесі қызметкерінің қылмыстық іске қатысы бары анықталды
фото: tengrinews.kz

Премьер-министр кеңсесінің қазіргі қызметкері газ өткізу бойынша қылмыстық істе күдікті ретінде танылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдолла айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Ол тергеу Энергетика министрлігі мен бірқатар облыс әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Олар 2019 жылдан бастап 2020 жылға дейін әлеуметтік мұнай газын бөлу кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, ішкі нарыққа газ жеткізу жоспарына әдейі жалған мәліметтер енгізіп, салдарынан бірқатар облыста (Павлодар, ШҚО, Алматы, Жамбыл, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан мен Алматыда) 1,5 миллиард теңгеге сұйытылған отын жеткізілмеген", - деді Шыңғыс Қабдолла.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің нұсқасы бойынша, күдіктілер Ақтау мен Тараздағы кәсіпкерлерден босатылған газ көлемін заңсыз көбейткені және өндірушінің жеткізушісін алмастырғаны үшін жүйелі түрде пара алып отырған.

"Осылайша, газ құны 3 есеге дейін артқан. Күдіктілердің бірі - премьер-министр кеңсесінің қызметкері. Екі адам қамауға алынды, тергеу жалғасып жатыр", - деді агенттік өкілі.