Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Мүлік салығын төлемегендерге 4 қазаннан бастап айыппұл салынады

Демалыс күніне сәйкес келгендіктен, салық төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 қазаннан 3 қазанға ауыстырылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мүлік салығын төлемегендерге 4 қазаннан бастап айыппұл салынады
Фото: ашық дереккөз

Комитет өкілдерінің айтуынша, Салық кодексінің ережесіне сәйкес, салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні демалыс күніне келетін болса, онда төлем мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.

Сондықтан, 1 қазанға дейін төлем жасай алмаған азаматтар бүгін салығын өтей алады. Өсімпұлды есептеу ағымдағы жылдың 4 қазанынан басталады.

Есептелген салық сомасын kgd.gov.kz сайтында және E-salyq Azamat мобильді қосымшасында «Алдағы төлемдер» сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларында білуге болады.

Салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін e-Salyq Azamat (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы→Электрондық сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады.