Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Душ кабинасы – 1 млн теңге: Петропавл әкімдігінде сауна бар ма?

Әкімдік ғимаратының 4-қабатына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған

Душ кабинасы – 1 млн теңге: Петропавл әкімдігінде сауна бар ма?
фото: Петропавлск.news

Петропавл қаласының әкімдігі мемлекеттік тапсырыстар порталына 3,6 миллион теңге болатын жаңа лот орналастырған. Алайда жөндеу жұмыстарына арналған қаржының 1 миллион теңгесі қымбат душ кабинасын сатып алуға кетеді екен.

Дерекке сүйенсек, әкімдік ғимаратының 4-қабатына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал жұмыстың негізгі мақсаты – ұзындығы 1,5 метр, ал биіктігі 2 метр болатын душ кабинасын орнату.

«Мүмкін онда қазір сауна бар шығар? Әкімдік туралы тағы нені білмейміз?» - деп жазған жергілікті Петропавлск.news басылымы.

Бөлінген қаржының 1 миллион теңгесі жұмысшылардың жалақасына, 1,5 миллион теңгесі құрылыс материалдарына, ал 848 мың теңгесі (қосымша шығындармен қоса есептегенде, бұл қаржы 916 мың теңгеге жетеді) душ кабинасына арналған.