02.10.2022, 17:55

Шымкентте «EcoStudentKZ» челленджі бастау алды

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Елімізде жанашыр студенттердің бастамасымен «EcoStudentKZ» челленджі бастау алды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Шымкент қаласы әкімдінің хабарлауынша, алғаш болып шымкенттік студенттер "Қошқар ата" өзенінің жағалауындағы қоқыс орындарын тазалап «Эко-плоггинг» өткізді.

Келесі кезекте павлодарлық студенттер эстафетаны жалғастырып, қаланың саябақтары мен алаңдарын қоқыстан тазартатын болады.

Экобелсенділер ел тұрғындарына «өзің отырған жерге қоқыс тастама, челлендж арқылы отанымызға деген сүйіспеншілігімізді танытайық», деп ұран тастауда.