Елімізде жанашыр студенттердің бастамасымен «EcoStudentKZ» челленджі бастау алды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Шымкент қаласы әкімдінің хабарлауынша, алғаш болып шымкенттік студенттер "Қошқар ата" өзенінің жағалауындағы қоқыс орындарын тазалап «Эко-плоггинг» өткізді.
Келесі кезекте павлодарлық студенттер эстафетаны жалғастырып, қаланың саябақтары мен алаңдарын қоқыстан тазартатын болады.
Экобелсенділер ел тұрғындарына «өзің отырған жерге қоқыс тастама, челлендж арқылы отанымызға деген сүйіспеншілігімізді танытайық», деп ұран тастауда.