Алматыда 15 жастағы жасөспірім 18-қабаттың терезесінен құлап, қаза болды деп хабарлады paryz ақпараттық агенттігі.
«18-қабаттағы пәтер терезесінен құлау салдарынан 2007 жылы туған жасөспірім қаза болды. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сараптама тағайындалды», – деді қалалық Полиция департаменті өкілдері.