Солтүстік Қазақстан облысында құбырдан ер адамның мәйіті табылды. Мәйітті «Петропавл жылу желілері» бригадасының қызметкерлері жылу құбырын тазалау кезінде тапқан, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Мәйіт облыс орталығындағы Амангелді – Брусиловский көшелерінің қиылысындағы құбырдан табылды.
Полиция департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Кісі өлімі фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Арнайы сараптама тағайындалды. Қайтыс болған адамның кім екені анықталып жатыр.