Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Министр төрт күндік жұмыс аптасына көшу туралы пікір білдірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова төрт күндік жұмыс аптасына қатысты пікір білдірді деп хабарлады paryz.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Министр төрт күндік жұмыс аптасына көшу туралы пікір білдірді
Фото: inform. kz

«Бүгінде бұл тәжірибе бар. Пандемия кезінде жұмыстың ерекшелігіне байланысты біреу төрт күн, біреу бес, біреу алты күн жұмыс істеді. Ең бастысы, жалақы есептелетін сағаттың нормативін жоғалтпауымыз керек», – деді Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, жалақы төмендемеуі үшін сағат нормативі қажет.

«Сондықтан біз арнайы икемді жұмыс режимін көрсеттік, бұған тыйым салынбайды. Еңбекақы нормативін қамтамасыз етуге болады және ету де керек, яғни ең төменгі жалақыдан төмен болмауы қажет. Екіншісі –жалақы төмендемеуі үшін сағат нормативі қажет. Сондықтан, бұл – адамдарға ыңғайлы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін икемді әдістердің бірі. Қазір платформалық жұмыспен қамту осы мәселе бойынша жарқын мысал бола алады», – деді министр.

Еске салсақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі республиканың кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша түзетулер әзірлегенін хабарлаған болатынбыз.