Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Қазақта "Көршімен татудың көңілі тоқ" деген сөз бар". Тоқаев Үкіметке тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көршілес елдермен тату болу керегін айтып, ресейліктер келе бастағанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды paryz  ақпараттық агенттігі. 

"Қазақта "Көршімен татудың көңілі тоқ" деген сөз бар". Тоқаев Үкіметке тапсырма берді
Фото: inform. kz

"Қазақта "Көршімен татудың көңілі тоқ" деген сөз бар. Ең бастысы, іргелес елдермен тату болуымыз керек. Бұдан еш ұтылмаймыз. Кейінгі күндері көрші елден, яғни Ресейден көптеген адам келе бастады.

Көпшілігі қазіргі ахуалға байланысты амалдың жоқтығынан келіп жатыр. Оларға қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігіне мән беруіміз қажет. Бұл - саяси және гуманитарлық мәселе. Осы мәселені мен Үкіметке тапсырдым.

Жалпы, осындай күрделі жағдайда біз ең алдымен адамгершілік, сабырлық, ұйымшылдықты танытуымыз керек. Бізде ешқандай дағдарыс жоқ, дүрбелең де жоқ. Үкімет өз жұмысын атқаруы қажет. 

Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді. Жұмыстың бәрі заң бойынша, келісімдер бойынша жүргізіледі", - деді ол.