“Capital City” - 12-25 қабат, 20 блоктан тұратын үшінші мегаполистегі ең биің тұрғын үй кешені болмақ. Жалпы ауданы 5 га, “Шымкент сити”-ден бой көтеруде. Құрылыс барысы қарқынды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Жаңа тұрғын үй кешенін көруге арнайы барған қала әкімі М.Әйтенов мердігер мекемеге нысанның құрылысы барысында туындаған мәселелердің шешімінде жан жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.
Кешен жеке инвестор «Capital Invest Construction» ЖШС есебінен жүзеге асырылуда. 120 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген.
Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 1, 2, 3 блоктардағы 4, 5 қабаттың және 6 блоктағы 10 қабаттың қабырғаларын салу аяқталды.
Енді инженерлік желілер тартылып, бөлме аралық қабырғалары қаланады. 1,5 га алаң абаттандырылады.