Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Рахымбаев Ресейден қашып келген қазақ қандастарға жатақханадан орын бермек

Белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев Ресейдегі мобилизациядан қашып келген қазақ қандастарға жатақханадан орын беретінін мәлім етті, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Рахымбаев Ресейден қашып келген қазақ қандастарға жатақханадан орын бермек
фото: qazweek

“Қандас бауырлар! Соңғы күндері көрші елде орын алып жатқан жағдайлар бізге де ауыр тиіп жатыр. Мобилизация деген сұмдық нәрсе ғой.. Әсіресе Орынбор, Омбы, Астрахан өңірлеріндегі майданға жүздеген қазақ бауырларымызды да алып кетіп жатыр екен. Жасын да, кәрісін де... Обал-ай.. Кеткендердің көбісі аман келмейтіні анық қой..

Сондықтан біз жігіттермен келген әскер жасындағы қазақтарға Астана, Атыраудағы жатақханалардан орын мен тамағын беріп, көмектесейік деп шештік. Елге қарай жетсе болды ғой”, - дейді Айдын Рахымбаев.

Ол сөзін жалғай отырып, көмекшілері қажетті ақпараттар беретінін мәлім етті.

“Ағайындар, қазір сөз бен дау көп, бірақ көп дауласпай, өзіміздің қарапайым қазақтарымызды құтқарып қалайықшы.. 

Осындай жағдайларда бір-бірімізге қолдау көрсетпесек, қашан және кім көрсетеді.. 

P.S. Осы жағдайдағы бауырларымыз болса, жекеге жазыңыздар. Көмекшілерім қажетті ақпаратты береді”, - деп ойын аяқтады кәсіпкер.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин жуырда мобилизация жарияланғанын мәлім еткен болатын.