Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруға міндеттеле ме?" - ІІМ түсіндірді

Кейін осы рәсімді қолданысқа енгізу мерзімін ауыстыру туралы шешім қабылданды

"Қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруға міндеттеле ме?" - ІІМ түсіндірді
Фото: ашық дереккөз

Қазнетте тараған "Қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруға міндеттелді" деген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлады paryz.kz

Осыған дейін 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі деген ақпаратқа қатысты Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді. Министрліктің баспасөз қызметі саусақ ізін тапсыру уақытының заң аясында өзгертілгенін хабарлады. 

"2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруға міндетті" деп таратқан ақпарат  ескі ақпарат екенін және  шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. ІІМ Көші-қон қызметі комитеті өкілінің сұхбатын тілші 22 қазанда жазып алған. Кейін осы рәсімді қолданысқа енгізу мерзімін ауыстыру туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты осы ақпаратты телеарнаға сілтеме жасап таратпауды, ІІМ-нің бүгін берілетін ресми түсініктемесін күтуді сұраймыз", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.