Желіде тараған аспандағы белгісіз құбылыстың не екені белгілі болды

Әлеуметтік желі қолданушылары түнде аспаннан байқалған біртүрлі жарықтың суреттері мен видеосын жаппай бөлісіп жатыр. Ол арада зымыраннан қалған із байқалады. 

Желіде тараған аспандағы белгісіз құбылыстың не екені белгілі болды
Фото: zakon.kz

«К.Э. Циолковский» кемесі тиелген «Союз-2.1 а» зымыраны Байқоңырдан ұшып шықты. Зымыран Ресей мен АҚШ арасындағы ұшулар туралы келісім аясында көкке көтерілді.

Ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және NASA астронавты Франциско Рубио Халықаралық ғарыш станциясына аттанды. 39 жастағы Дмитрий Петелин - Қазақстанның тумасы. Ол Қостанайда дүниеге келген.

ХҒС-68 - ұзақмерзімді экспедиция. Жоспар бойынша экипаж ХҒС-та 188 тәулік, яғни 2023 жылдың 28 наурызына дейін болады.