Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Самат, әрқашан ағаның қасында бол»: Астанада Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша сот процесі басталды

Бүгін Астанадағы Байқоңыр аудандық сотында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды.

«Самат, әрқашан ағаның қасында бол»: Астанада Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша сот процесі басталды
Коллаж: Halyq Uni

Сот процессі ашық - онлайн режимде өтіп жатыр, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. 

Қайрат Сатыбалды отырысқа қорғаушысымен бірге ЕЦ166/1 мекемесінен Zoom конференциясы арқылы қосылды.

Оған Қылмыстық кодекстің «Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру», «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу» баптары бойынша айып тағылып отыр.

Сот отырысы басталмас бұрын Қайрат Сатыбалды отбасы мүшелерімен сөйлесті.

Самат, қалайсың? Самат, ағаның (Н.Назарбаевтың – ред.) қасында бол әрқашанда. Бәрін істе, онымен кеңес, жарай ма?, - деді Қайрат Сатыбалды інісіне.

Ағасының сұрақтарына жауап берген Самат Әбіш бауырын сағынғанын айтты.

Айта кетейік, 2022 жылдың 13 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдының ұсталғанын хабарлады. Ол «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінген. 

Қайрат Сатыбалды – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды да қамауға алынды. Ол Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген ақшаны ұрлады деп айыпталды.