Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Дәрігерлер жалған анықтамалар сатқан

Куәгерлерден жауап алу нәтижесінде, ДКК қорытындыларының түпнұсқалары алынып, сәйкес экспертизаға жолданды.

Дәрігерлер жалған анықтамалар сатқан
Фото: дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері карантин кезінде Қазақстан аумағына заңсыз кіріп-шыққандарды анықтады. Бұл туралы paryz.kz ҰҚК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

ҰҚК ШҚО бойынша департаменті "Ж" жеке медициналық орталығымен ұйымдастырылған ҚР шекарасын заңсыз өтуге қолданылатын жалған дәрігерлік консультациялық комиссия (ДКК) қорытындыларын сату бойынша қызметі тоқтатылды.

"Биыл 18 қыркүйекте жедел-іздестіру шаралары кезінде жалған ДКК қорытындысын бақылау, сатып алу нәтижесінде аталған медициналық орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеті расталды. Жедел-тергеу шаралардың нәтижесінде алдында берілген 200 жуық ДКК қорытындысы, дәрігерлердің қолы мен таңбалары қойылған толтырылмаған бланкілер, таңбалар және компьютерлік техника табылып, тәркіленіп алынды", - делінген комитет сайтында.

Куәгерлерден жауап алу нәтижесінде ДКК қорытындыларының түпнұсқалары алынып, сәйкес экспертизаға жолданды.

ҰҚК мәліметінше, медициналық орталықтың директор орынбасары мен бас дәрігері 5 мың теңге ақшалай сыйақы үшін жалған ДКК қорытындыларын тұлғаларға сатып отырған. Сонымен қатар, шетел медициналық мекемесінен шақыру қажет болған жағдайда, қызмет бағасы 10 теңгеге бағаланды.

"Аталған факт бойынша ҚР ҰҚК ШҚО бойынша департаменті ҚР ҚҚ 385-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Жүргізілген тергеу шаралары және жинақталған дәлелдемелер нәтижесінде күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады. Нәтижесінде 2020 жылдың 19 қарашасында сотпен күдіктілер ҚР ҚҚ 385-бабы 2-тармағы бойынша кінәлі болып табылып, әрқайсысына 1000 МЕК көлемінде айыппұл тағайындалды. Осы жылдың қыркүйегінен бастап 3 ШҚО тұрғынының жалған ДКК қорытындыларын пайдалану арқылы шекарадан заңсыз өту әрекеті тоқтатылды", - делінген хабарламада.