Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ынтымақ-2 шағын ауданының батыс бөлігін инфақұрылыммен қамту жалғасуда

Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағын ауданының Батыс бөлігінде 2 071 үй орналасқан. Инфрақұрылыммен қамту мәселесі өзекті. Қазіргі таңда газ, су, жол, жарықтың жырын шешу үшін құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Ынтымақ-2 шағын ауданының батыс бөлігін инфақұрылыммен қамту жалғасуда
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Шымкент қаласы баспасөз қызметінің мәліметінше, шым шаһар басшысы Мұрат Әйтенов аталған елді мекенге барып, нысандар құрылыс сапасын тексерді, тұрғындарымен кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдады.

Айтып өтейік, аумақты электр қуатымен қамту мақсатында мердігер "Туран Энерго групп" ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Ал "Энерго ресурс Шымкентгаз" ЖШС газ құбырларын тартумен айналысуда. Екі нысанның да құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, абоненттеу жүргізіледі.

Көшелерді асфальттау 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Қазір мұнда 22 көше бар. 4-і асфальтталған, 15 жолға тас төселген, қалған 3-і топырақ жол.

Шағынаудан балалары 1 мектеп, 3 балабақшада білім алады. Батыс бөлігіне 900 орынды мектеп салу үшін 2,46 га жер телімінің құжаты рәсімделіп, қазір жобалық-сметалық құжаты әзірленуде. 

1 спорт алаңшасы ел иігілігінде, былтыр берілген.

Кездесу барысында шешімін тапқан мәселелер үшін алғысын білдірген тұрғындар, арыз-шағымдарын шаhар басшысына жеткізді.

"Бұрын ауыл белсендісі ретінде тұрғындардың мұқтажын жеткізу үшін бармаған жеріміз қалмайтын. Нәтижесін де көрмедік. 2020 жылдан бері өзіңізбен жиі кездесіп, өтініштеріміз орындалып жатыр, енді жолымыз асфальтталып, сапалы электр энергиясын тұтынатын күн де алыс емес деп ойлаймын", - деді ауыл биі Ә. Балғабайұлы.

Мәселелердің таяу арада оң шешімін табуы үшін қала әкімі арнайы хаттама толтыртып, сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.