15.09.2022, 19:23

Шымкент полициясының бұрынғы бастығы 7 жылға сотталды

фото: turkystan.kz

Шымкент қаласының Жергілікті полиция қызметінің бұрынғы басшысы Мұхтар Бұхарбаевқа үкім шығарылды деп хабарлады paryz.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Ол қызметін асыра пайдаланды және көптеген ал-салық жасады деп айыпталды. Мұхтар Бұхарбаев жалпы режимдегі колонияда жеті жылға сотталды, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында жұмыс істеуіне тыйым салынды.

Еске салсақ, жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығының айналасындағы дау қаңтар айында басталған еді. Оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп бағынышты қызметкері Азамат Айымбетов шағымданды.