Ауа райы: 4 өңірде ескерту жарияланды

Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

Ауа райы: 4 өңірде ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК 26 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады деп хабарлады paryz.kz.

Атап айтқанда, Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

Ақмола облысында кей жерде тұман күтіледі. 26-27 қарашада Қарағанды облысының кей жерінде сондай-ақ тұман болжанады.