Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкентте 117 медицина қызметкеріне үстемеақы дұрыс төленбеген

Сөйтіп, заң өкілдерінің қадағалауының арқасында 46,7 млн теңге көлеміндегі қарыз өтелді. 

Шымкентте 117 медицина қызметкеріне үстемеақы дұрыс төленбеген
фото: Қазақпарат

Шымкентте коронавирусқа қарсы тұрған 117 медицина қызметкеріне үстемеақы дұрыс төленбеген. Бұл туралы қалалық прокуратура өкілдері мәлімдеді деп хабарлады paryz.kz "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, №1 қалалық клиникалық ауруханасының 62 қызметкеріне қосымша ақы дұрыс берілмеген. Ал №2 қалалық ауруханасында 55 маман өздеріне тиесілі ақшаны тұтас алмаған. Сөйтіп, заң өкілдерінің қадағалауының арқасында 46,7 млн теңге көлеміндегі қарыз өтелді. 

"Біз бұл құқықбұзушылықты өзіміз талдау жүргізу нәтижесінде анықтадық. Себебі прокуратура органдары назарында осы COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар барысындағы барлық қабылданып жатқан мемлекеттік органдардың шешімдері мен іс-әрекеттерінің заңдылығы жүйелі түрде зерделенуде", - деді қалалық прокуратура басқармасы басшысының орынбасары Батыр Ергешов.  .