Видеодан Бауыржан Байбекпен қатар Алматы қалалық мәслихатының «жылаңқы» депутаты Қайрат Құдайберген де көлбеңдейді.
Желіде Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бір мерекелік кеште билеген видеосы тарап кетті деп хабарлады paryz.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқырмандардың кейбірі «Байбек тізімге енгеніне мәз» десе, тағы бірі «билеуді қатырады екен, ә» деп қыжыртыпты.
Кейбір деректерге қарағанда, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасарының «қатырып билеп» жүрген видеосы 2018 жылғы жаңа жыл мерекесі қарсаңында түсірілген болуы мүмкін.
Видеодан Бауыржан Байбекпен қатар Алматы қалалық мәслихатының «жылаңқы» депутаты Қайрат Құдайберген де көлбеңдейді.