Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстан ҰҚШҰ аясында Арменияға бітімгерлерлік әскер жібере ме? - СІМ пікір білдірді

Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында Арменияға бітімгерлік әскер жібермейтін болды. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Қазақстан ҰҚШҰ аясында Арменияға бітімгерлерлік әскер жібере ме? - СІМ пікір білдірді
Фото: inform. kz

"Кеше Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезектен тыс кеңесінде Армения премьер-министрі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің басшыларына Әзербайжан мен Армения шекарасындағы жағдай туралы ақпарат берді. Жалпы.ақпарат қабылданды, әрине, бізобьективті ақпарат алғымыз келеді. Өйткені екі тараптан әркелкі ақпарат түсіп жатыр. Сол себепті мемлекет басшылары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы оқиға орнына барып, толыққанды мәлімет алып, сол ақпараттарды мемлекет басшыларына баяндауы керек деген шешім қабылданды", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты. Армения Республикасының ұсынысымен өткен отырыс бейнебайланыс режимінде өтті.

Сонымен қатар саммитке Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович, ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков қатысты.