Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Украина елшісін Қазақстаннан шығару туралы талап қойылған жоқ – ҚР СІМ

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан билігі Украина елшісі Петр Врублевскийді елден шығару туралы талап қойды ма сауалға пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Украина елшісін Қазақстаннан шығару туралы талап қойылған жоқ – ҚР СІМ
Фото: ашық дереккөзі

«Украина елшісі Петр Врублевский қазір еңбек демалысында жүр. Қазақстан билігі оны елден шығару туралы талап қойған жоқ. Оның алдағы уақытта қызметін жалғастыру мәселесіне қатысты кеңес жүргізілуі мүмкін», - деді Айбек Смадияров брифингте.

Еске салсақ, Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский қазақстандық блогерге екұшты сұхбат беріп, ресейліктерге деген көзқарасын білдірген болатын. Дипломаттың бұл мәлімдемесі қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.

23 тамызда Қазақстан хплықтар Ассамблеясы Украинаның Қазақстандағы елшісінің мәлімдемесін айыптады.

 5 қыркүйекте Украинаның Қазақстандағы елшісі өз сөзі үшін кешірім сұраған болатын.