Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкентте импортқа тәуелділікті азайтатын жаңа жобалар ұсынылды

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен кезекті инвестициялық штаб отырысында  кәсіпкерлер жаңа инвестициялық жобаларын таныстырып, олардың өңір және ел экономикасына тиімділігі жөнінде ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Шымкентте импортқа тәуелділікті азайтатын жаңа жобалар ұсынылды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Олар:

• «Агрополимер» ЖШС - полипропилен жібін шығармақ. Өндірісті 2023-2024 жылдары іске қосу жоспарда. Инвестиция көлемі 1,94 млрд теңгені құрайтын жоба нәтижесінде 41 адам жұмыспен қамтылады. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан 2 га жер беруін сұрауда. Жоба мақұлданды.

• Сутегі асқын тотығын өндіретін «HYDROGEN ENERGY» ЖШС – 4 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба 2023-2024 жылдары жүзеге асуы нәтижесінде 30 адамды жұмыс орнымен қамтымақ. Жылына 8 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. «Оңтүстік» АЭА-дан 2,4 га жер телімін беру мақұлданды.

• Монтаж көбігін өндіретін жобаның құрылысын биыл бастау жоспарланған. 250 млн. теңгелік инвестициялық жоба нәтижесінде 20 адам жұмыспен қамтылады. «Оңтүстік» АЭА-дан 0,3 га жер теліміне сұраныс білдірген «BERPER GROUP» өндіріс орны жылына 30 мың банкі шығару мүмкіндігіне ие.

• Минералды тыңайтқыштар мен агрохимикаттар өндіретін жаңа жобаның құны – 450 млн теңге. «Ана Жер» ғылыми-өндірістік бірлестігі құрылыс жұмыстарын кезең кезеңімен 2022-2025 жылдарға жобалап отыр. Жылдық қуаттылығы – 300 мың литр. «Жұлдыз» индустриалды аймағынан 1 га жер берілді. Инфрақұрылыммен қамту жөніндегі өтініші қала басшысымен мақұлданды. 

 

Экономиканың қуатын арттыратын әрі импортқа тәуелділігін азайтуға септігін тигізетін бірегей жобаларда бюрократиялық кедергілерге жол бермеудің маңыздылығына тоқталған Мұрат Әйтенов, әрбір жобаның іске асырылу барысы жіті бақылауда болатынын жеткізді.