Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге жаңа үй 2 ай ішінде салынбақ

Қостанай облсының Әулиекөл ауданындағы өрттен зақымданған инфрақұрылымдарды қалпына келтіру, сондай-ақ ауданда жаңа нысандар орнату мәселелеріне арналған көшпелі кеңес өтті, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге жаңа үй 2 ай ішінде салынбақ

«Әулиекөл ауданын қалпына келтіру жұмысына біздің облыстың барлық өңірлері тартылды. Олар аудан аумағын ретке келтіреді, оның ішінде жаңадан саябақтар мен қоғамдық орындар салады, шағын сәулет нысандарын орнатады, сондай-ақ ауданды санитарлық тазартуға көмектеседі», - деп атап өтті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Сондай-ақ өңір басшысы тұрғын үйлер құрылысының барысын тексерді.

«Бүгінгі таңда нысандарды салу бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Естеріңізге сала кетейік, жаңа үйлер 2-2,5 ай ішінде бой көтереді. Үйлердің жалпы саны - 91. Олар мемлекет есебінен салынып жатыр», - деді өңір басшысы.