Ол бұған дейін бір пәтерден ноутбук пен тағы бір кеңседен жарты миллион теңгені ұрлаған көрінеді.
Елордада ұрлық жасауды әдет қылған 24 жастағы тұрғын ұсталды. Күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлады paryz.kz.
Көлігімен азық-түлік дүкеніне келген жүргізуші-экспедитор тауар түсіріп жатқанда 16 қорап аса бағалы темекіні қолды қылған. Заттың жалпы құны – 80 мың теңге.
Ол бұған дейін бір пәтерден ноутбук пен тағы бір кеңседен жарты миллион теңгені ұрлаған көрінеді. Бұрын істі болып сотталған. Қазір қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.