Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Алматыдағы Көктөбе маңы отқа оранды

Алматыда Көктөбе саябағы маңында қураған шөп жанып жатыр, деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Алматыдағы Көктөбе маңы отқа оранды
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде өрттің видеосы тарап жатыр.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне сағат 18:58-де Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі, 78 мекенжайы бойынша өрт шыққан туралы хабарлама түсті.

«Тұтанған табиғи өртті сөндіруге өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі шақыртумен жіберілді», - деп хабарлады ведомстводан.