Асқар Мамин Нұрлан Нығматулинмен және Әділбек Жақсыбековпен бірге түскен фотоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz ақпараттық агенттігі NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
«Расымен, өткен жексенбі күні, 2022 жылдың 4 қыркүйегінде туыстарымның ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтандағы мейрамханалардың бірінде түскі уақытта қазақтың салт-дәстүрі бойынша «Сырға салу» іс-шарасы өтті. Бұл фотоға қатысты кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған болжамдар орынсыз және арандатушылық болып саналады деп есептеймін», - деді Асқар Мамин.
Ол өз сөзінде еліміз қазір саяси трансформацияны қоса алғанда, дамуының тарихи кезеңінде екенін атап өтті.
Осыған байланысты, жауапты уақытта біз Мемлекет басшысының айналасына топтасып, арандатушылар мен теріс пиғылды адамдарға ешқандай мүмкіндік бермеуіміз керек деп санаймын, - деп атап өтті Асқар Мамин.