Желіде Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Мәмин, Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин, Президент әкімшілігінің экс-басшысы Әділбек Жақсыбековтың кездескен фотосы пайда болды.
Бұл туралы журналист Кирилл Павлов өзінің telegram-арнасында жазды.
«Ескі Қазақстан» элитасының не үшін кездескені белгісіз. Бірақ желі қолданушыларының ойынша, «Президент сайлауында Тоқаевқа қарсы үміткерді таңдап отыр».
Еске салсақ, Қаңтар оқиғасынан кейін, Мәмин премьер-министр лауазымынан, ал Нығматулин Мәжіліс спикері лауазымынан отставкаға кетті. Әділбек Жақсыбеков Қазақстан футбол федерация басшысы мен «ҚазТрансГаз» директорлар кеңесінен төрағасы қызметін кетуге мәжбүр болды.