Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қостанай облысындағы өрттен бір адам көз жұмды – Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин брифинг барысында Қостанай облысындағы өрттен 1936 жылы туған қарияның көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды paryz ақпарат агенттігі. 
 

Қостанай облысындағы өрттен бір адам көз жұмды – Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: stan.kz

"Бүгін таңертең Аманқарағай ауылында қирандыларды жинау кезінде мүмкіндігі шектеулі 1936 жылы туған ер адамның көз жұмғаны анықталды", – деді министр.

Жедел шаралар нәтижесінде учаскелік полицейдің адамдарды эвакуациялау барысында ер адамға ескерткенін, алайда марқұмның кетуден бас тартқаны анықталған. Қазір тергеу жүріп жатыр. 

Өрт аумағы 43 мың гектарға жеткен. 

Төтенше жағдайлар министрі Әулиекөл ауданындағы өрттен келген залал көлемін арнайы комиссия есептейтінін айтты.

"Қазір Аманқарағай ауылының көп зардап шеккені анықталды. Сонымен қатар Озерное ауылында 8, Лесное ауылында 1 үй отқа оранды. Мемлекет тарапынан мүлік пен үй-жайларды тез арада қалпына келтіру бойынша көмек көрсетіледі", – деді Ильин.

Айта кетейік, Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда республикалық тас жол мен темір жол қатынасы қалпына келтірілді. Өртті сөндіруге 91 бірлік техника, 3 әуе кемесі, 5 өрт пойызы, жеке құрамның 600 адамы жұмылдырылған.