Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасынан мәлім етті, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Ulysmediа сайтына сілтеме жасап.
"Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев күдікті емес. Ол Бас прокуратураның Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алды", - деп хабарлады ведомство.
Ерлан Тұрғымбаев қаңтар қырғыны кезінде Ішкі істер министрлігін басқарды. Ол қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай бұл қызметтен кеткен.
Ол тамыз айында тергеуге шақырылған болатын.