Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты қылмыстық іс аясында жауапқа тартылды, бірақ ол күдікті емес.

Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөзі

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасынан мәлім етті, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Ulysmediа сайтына сілтеме жасап. 

"Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев күдікті емес. Ол Бас прокуратураның Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алды", - деп хабарлады ведомство.

Ерлан Тұрғымбаев қаңтар қырғыны кезінде Ішкі істер министрлігін басқарды. Ол қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай бұл қызметтен кеткен. 

Ол тамыз айында тергеуге шақырылған болатын.