Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Рекордтық көрсеткіш: Астанадағы мектептердің бірінде 18 бірінші сынып ашылды

Елордадағы №83 мектепте биыл 18 бірінші сынып ашылды. Бұл - астанадағы Алматы ауданында орыс тілінде оқытатын жалғыз мектеп. 

Рекордтық көрсеткіш: Астанадағы мектептердің бірінде 18 бірінші сынып ашылды
Фото: ашық дереккөзі

Сол себепті мектеп оқушылары үш ауысымда оқуға мәжбүр, - деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Телеарна мәліметінше, ата-аналар оқушы санының көптігіне байланысты балаларының үш ауысымда оқитынына наразы. Өйткені енді олар мектептен кешкі сағат 10-дар шамасында қайтатын болады.

"Мемлекеттік бағдарлама бойынша үйлер салынып, көпбалалы отбасыларға берілді. Сондықтан бұл мектепте 4-5 мыңға жуық бала бар. Үш ауысыммен оқиды. Біз алты күн оқимыз, бізге хабарлап айтты. Менің екі балам – үшінші және төртінші сыныпта, сағат үштен кешкі 8-9-ға дейін оқиды", – дейді ата-аналардың бірі Айгүл Дүйсенбинова.

Мектеп директоры телеарнаға небәрі 1200 орынға есептелген білім ордасының жүктемесі көп екенін растаған. Мектеп осыдан алты жыл бұрын салынған, ол кезде 372 бала болған. Бүгінде олардың саны 10 есе өскен. 4,5 мың баланың бәрі осы мектепке қарайтын ауданда тіркеуде тұр.

"Біздің аудан - ерекше аудан. Соңғы бес жылда мыңдаған пәтер пайдалануға берілді. Балалар біздің шағынауданда тұрады. Сондықтан балаларды қабылдамауға моральдық және заңды құқығым жоқ. Бізге балаларын әкелген ата-аналарға мектепті аралап көрсетіп, балаларды қандай тар мектепте оқытып жатқанымызды көрсетемін", - дейді №83 мектеп-гимназияның директоры Сәуле Теменова.

Мектеп әкімшілігі бұл мәселенің бір шешемін табу үшін 600 орындық қосымша ғимарат салуды жоспарлап отыр. Осылайша, мектеп екі мың оқушыны екі ауысыммен оқыта алады. Дегенмен, бұл уақытша шешім.

Ресми деректер бойынша, елордалық 100 мектептің 15-і осындай мәселемен бетпе-бет келіп отыр. Биыл Нұр-Сұлтанда бірінші сыныпқа барған балалардың саны тағы да рекордтық көрсеткішке жеткен.