Путин Қазақстанға іссапармен келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлесті. 

Путин Қазақстанға іссапармен келеді
Фото: ашық дереккөзі

Бұл туралы paryz.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстан мен Ресей президенттері екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің тиімді өзара байланысын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге ТМД, АӨСШК саммиттеріне, сондай-ақ қазан айының ортасында Қазақстан астанасында өтетін «Орталық Азия – Ресей» мемлекеттер басшыларының отырысына қатысуға келіскеніне ризашылығын білдірді.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақтан халқына жолдауында атап өткен ауқымды міндеттерді іске асыруда табыс тіледі.

Президенттер тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.