Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Жылына 400 доллар": Экономист әр балаға 18 жасқа дейін Ұлттық қордан шамамен қанша қаражат түсетінін болжады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың есепшотына аударуды ұсынды.

"Жылына 400 доллар": Экономист әр балаға 18 жасқа дейін Ұлттық қордан шамамен қанша қаражат түсетінін болжады
Фото: ашық дереккөзі

Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады. Президенттің бұл ұсынсына қатысты экономист Мақсат Халық пікір білдіріп, әр балаға Ұлттық қордан жылына шамамен қанша қаражат аударылатынын болжап көрді, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Экономистің сөзінше, бала капиталын құру мәселесі - президент жолдауының ең негізгі тұсы.

"Ұлттық қор, негізінен, келешек ұрпақ қоры деп аталады. Сондықтан да бұл бағдарлама арқылы қордың осы функциясы іске асырылады деп ойлаймын. Бағдарламада президент әр балаға шот ашып, Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызын сонда аударып отыру керек екенін айтты. Мұның механизмі алдағы уақытта айтыла жатар. Бірақ та өз есептеуімше, қазіргі таңда Ұлттық қорда 52,5 млрд доллар бар. Алайда оның инвестициялық табысы сын көтермейді. Бірақ жылына кем дегенде 10 пайыз кіріске қол жеткізуге болады.

Сол жолда жұмыс жасалуы керек деп есептеймін. Ұлттық қорда жалпы сомасы 52,5 млрд доллар қаржы бар дедік. Оның 10 пайызы дегеніміз шамамен 5 млрд доллардан астам қаражат. Сол 5 млрд доллардың 50 пайызын, яғни 2,5 млрд долларды үлестіріліп беруі қажет болса, 2,5 млрд долларды еліміздегі 6 млн 100 мың балаға бөлеміз. Сонда әр балаға жылына шамамен 400 доллардан аударылады. Теңгеге шақсақ, 200 мың теңгеге жуық ақша", - дейді Мақсат Халық.

Сарапшы пікірінше, бұл - жақсы инвестициялық бастама.

"Алдағы уақытта Ұлттық қордың инвестициялық кірісі артып, білікті мамандар жұмыс істейтін болса, біз ұрпағымызға және оның болашағына қажетті қаражат жинауға алғашқы қадамды жасадық деп есептеймін. Бұл Ұлттық қордың халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ең бір дұрыс қадамы дер едім. Әрине, келешекте оның инвестициялық кірісі ұлғая берсе, 18 жылда балалар біліміне қажетті қаражатқа ие болады, әлемдік ЖОО-да оқимын десе де, денсаулық жағдайын жақсартамын немесе баспана аламын десе де белгілі бір қаражатты жинақтап үлгереді", - дейді экономист.