Мектеп оқушыларының жаңа демалыс кестесі белгілі болды

Оқу жылы екі аптаға ұзартылды

Мектеп оқушыларының жаңа демалыс кестесі белгілі болды
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстанда оқушылар демалысының жаңа кестесі жарияланды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқу жылы екі аптаға ұзартылды. Бұл демалыстардың ұзақтығына әсер етті. Бұрын балалар кем дегенде 30 күн демалса, енді демалыс уақыты 25-ке дейін қысқарды.

Сонымен, 31 қазаннан 6 қарашаға дейін күзгі мерекелер уақыты. 8 қаңтар – 9 күндік қысқы демалыстан кейінгі бірінші оқу күні. Ал көктемде демалыс 18 наурыздан 26 наурызды қоса алғанда жалғасады. Жазда балалар енді тура үш ай – 1 маусым мен 31 тамыз аралығында демалады.