Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Асхат Аймағамбетов мектеп мұғалімдерін жақсы жаңалықпен қуантты

30 жыл бойы жұмыс істеп, балалардың алдында аянбай еңбек еткен педагогтерді аттестация кезінде тестілеусіз екінші кезеңге өткізуге шешім қабылдадық, дейді ол. 

Асхат Аймағамбетов мектеп мұғалімдерін жақсы жаңалықпен қуантты
Фото: stan.kz

Оқу-ағарту министрі Qazaqstan ұлттық арнасына берген сұхбатында мектепте 30 жыл жұмыс істеген мұғалімдер аттестацияның тестінен босатылатылатынын мәлімдеді. 

“Бізде 30 жыл еңбек өтілі бар әріптестеріміз бар. Олар бізге “30 жыл жұмыс істедік, қандай жеңілдіктер болады” деп айтады. Біз қазір тиісті заңнамаға өзгеріс енгізуді дайындап жатырмыз. 30 жыл мектепте жұмыс істеу – нағыз ерлік. 30 жыл бойы жұмыс істеп, балалардың алдында аянбай еңбек еткен педагогтерді аттестация кезінде тестілеусіз екінші кезеңге өткізуге шешім қабылдадық. Мұғалім тек портфолиосын тапсырады. Біз 30 жыл бойы жұмыс істеп келген мұғалімге сенуіміз керек. Оларды үлкен стресске апармай, екінші этаптан ғана өтуге мүмкіндік беріп отырмыз", - деді министр.