26.08.2022, 14:31

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды paryz.kz.

Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.

Бұған дейін белгілі болғандай, 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Тиісті өкімге Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қол қойды.