Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, енді тұрғындар 1 кВт электр энергиясы үшін бұрынғыдай 28 тг. емес,16 тг. төлейтін болады.
Мұнда 918 электр бағанасы орнатылып, 72 шақырым электр желісі тартылды. Нәтижесінде 1300-ден астам абоненттің мемлекеттік жарықты қолдануына мүмкіндік туды.
Осындай ізгі іске ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары: Берік Бекжанов, Берік Оспанов, Фахриддин Қаратаев пен Мұратәлі Қалмұратов, сондай-ақ қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері куә болды. Ал, халық жүрекжарды лебіздерін жолдап, алғыс айтты.
Жалпы 276-орамды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды. Өткен жылы ауыз су құбырларын тарту аяқталған. Ал биыл табиғи газ жеткізуде 28 шақырымдық құбыр орнатылып, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.