Азат Бектұров «Қазаэронавигация» бас директоры лауазымынан өз еркімен босатылды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, 2022 жылдың 23 тамызында Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Азат Бектұров өз еркімен қызметінен босатылды. Министрлік Бектұровтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кеткенін хабарлады.
Азат Бектұров 2014 жылдың тамызынан бастап «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры қызметі атқарды.
Айта кетейік, ол – Нұрлан Нығматулиннің сыңары Ерлан Нығматулиннің күйеу баласы. Ал оның әйелі Малика Бектұрова 2016-2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.