Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жүрегі тоқтап қалған: Атырау облысында әскери қызметші қайтыс болды

Атырау облысында шекара қызметінің әскери қызметшісі қайтыс болды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. 

Жүрегі тоқтап қалған: Атырау облысында әскери қызметші қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери қызметші Нұрбек Ерғалиев 2022 жылдың 17 тамызында қайтыс болған. Ол Мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін өткеріп жүрген.

Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша марқұмның жүрегі тоқтап қалғаны анықталды.

Әскери қызметшінің өліміне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғады.

ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туғандары мен жақындарына көңіл айтып, қаза тапқан адамның отбасына қажет көмек берілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін 27 шілдеде ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында көз жұмды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскеридің миына қан құйылып қайтыс болғанын хабарлады. Алайда марқұмның туыстары оның кісі қолынан қаза тапқанын айтты.